Қостанайда кадр даярлайтын Инжиниринг орталығы ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Машина жасау саласында кадр даярлау үшін Қостанай облысында Инжинирингтік орталық ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай қаласында қуаты 50 мың тонналық құйма автокомпоненттерін шығаратын шойын құймасы зауытының құрылысы туралы айтып өткім келеді. КамАЗ арнайы техникасының қозғалтқыш блоктары, редукторларына арналған корпустары және Қазақстан машина жасау кәсіпорындары үшін құйма элементтерінің өндірісі жолға қойылғалы отыр. Өндірілген өнімнің 60 пайызын экспортқа шығару жоспарда бар», - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуына қарағанда, машина жасау саласында кәсіпорын ашу ісі жоғары білікті кадрлардың қажеттілігін туғызады.

«Бұл проблеманы Инжиниринг орталығын ашу арқылы шешу жоспарланып отыр. Орталықтың базасында сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер жүргізу, сондай-ақ жаңа бұйымдар өндірісінің технологияларын әзірлеу және сүйемелдеу жөнінен инжинирингтік қызметтер көрсету көзделуде. Бұған қоса, Индустриалдық аймақ аумағында теміржол вагондары үшін ірі құйма өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жоба пысықталып жатыр. Мұндағы инвестор - «РегионТрансСервис» ЖШС. Инвестицияның болжамды сомасы – 47 млрд теңге», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар