Қостанайда қалған Ресей азаматтары еліне қалай қайтады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қазіргі кезде Қостанай облысында қалып қойған Ресей Федерациясының азаматтары өз елдеріне қалаған уақытта кез келген жолмен орала алады. Алайда коменданттық сағат кезінде автокөлікпен жүруге рұқсат жоқ. Бұл туралы Қостанай облысының комендатурасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде Қостанай облысында қалып қойған Ресей тұрғындары елден автокөлік, пойыз және ұшақпен кете алады. Алайда коменданттық сағат кезінде автокөлікпен жүруге тыйым салынған. Аталған тыйым жергілікті атқару органдары, құқық қорғау органдары, жедел жәрдем, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, өрт сөндіру, апаттық құтқару, апаттық техникалық қызметтер мен стратегиялық нысандардың, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлердің көліктеріне жүрмейді», - деді комендатурадан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қостанай облысында қоғамдық тәртіптің қалпына келгені туралы хабарланған болатын.

Өңірде 19 қаңтарға дейін алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған, облыстағы 14 блокпоста жүзден аса қостанайлық полицей жұмыс істеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар