Қостанайда карантин режимін бұзғандар қашып кетпек болды
Полиция мен әкімдік қызметкерлері жүргізген рейд барысында «Сhop Chop» көңіл көтеру орталығының жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды. Ғимарат кальян шегуге келгендерді жасырын есік арқылы кіргізіп отырған.
«Мониторинг тобының мүшелері ғимаратқа кіргенде келушілер қосымша есік арқылы қашып кетпек болған. Алайда оларды учаскелік полицей ұстады. Сондай-ақ санитарлық нормалар мен карантиннің бұзылуы «Simpl Day» дәмханасында анықталды. Мониторинг тобы аталған мекемелердің әкімшілерімен кездесіп, ескерту хабарламасын берді. Карантин бұзғандарға әкімшілік жаза қолданылып, хаттама толтырылды», - дейді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Сәуле Манасқызы.
Қостанай облысы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, көңіл көтеру орындары мен дәмхналар тек қана «шығару және жеткізу» қағидатымен жұмыс істейді.