Қостанайда қатты жел көлдегі мұзды көшіріп, күре жолды басып тастады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында қатты жел салдарынан көлдегі мұз көшіп, күре жолдың үстін басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеодағы оқиға Сарыкөл ауданындағы күре жолда болған. «Қазавтожол» компаниясы бұл фактіні растап, оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

«Бұл күре жолдың 713-ші шақырымында, Севастопольский кентінің жанында болға жағдай. Ондағы көпір өткен жылы салынған. Көпірдің астындағы су оңнан сол жаққа қарай ағып жатыр. Кеше сол жақтан оң жаққа қарай, яғни ағынға қарсы соққан қатты жел салдарынан Вишновое көліндегі мұз көтеріліп, жолға шығып кеткен. Осыған байланысты, жолда биіктігі 5 метрге дейін жететін, ұзындығы 500 метрлік мұз шоғыры пайда болған», - деп түсіндірді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Андрей Горват.

«Қазавтожол» мамандары мен жергілікті органдар жолды мұздан аршуға бірден кірісіп кеткен, жұмыс түні бойы жүргізілген.

«Қазіргі кезде жеңіл көліктер қозғалысы ашылды. Екі сағаттан кейін жолда жүк көліктері де жүре алды», - деді А.Горват.


Авторы Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар