Қостанайда қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша тыйым салынды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – 27-28 маусым аралығында Қостанай облысында қоғамдық көліктер жүрмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігі жанындағы өңірлік Штабқа сілтеме жасап.

Штаб ақпаратына сүйенсек, алдағы екі күнде Қостанайда қоғамдық көліктің, оның ішінде саяжай бағыттарының қозғалысы тоқтатылады. Автобустар тек 29 маусымнан бастап жүреді.

«Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысын орындау мақстатында Қостанай қаласының периметрінде мобильді бекеттер орнатылады. 9 автопатруль қала ішінде рейд жүргізеді. Сондай-ақ 25 полицей қоғамдық тәртіпке жауап береді. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейтіндер үшін жұмыс орнынан анықтама сұралады. Полиция осы талаптардың орындалуына бақылауды күшейтетін болады. Барлық ақпаратты емханалар арқылы тексереді. Заң бұзушылар ҚР Әкімшілік Кодексінің 462 бабы бойынша жауапқа тартылады», делінген өңірлік Штабтың ақпаратында.

Айта кетейік, инфекцияның алдын-алу үшін 27-28 маусымда Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаков, Арқалық, Тобыл қалаларында локдаун режимі енгізілді. Локдаун режимі енгізілген қала тұрғындарына үйден жұмыс үшін, ем алуға, дәрі-дәрмек, азық-түлік, қоқыс төгуге, жеке көлікпен саяжайға баруға ғана рұқсат етіледі. Ойын-сауық және сауда нысандары, базарлар, саябақтар жабылып, қоғамдық көліктер тоқтайды.


Соңғы жаңалықтар