Қостанайда қоқыс полигондарының салынуына жол берген 26 ауыл әкімі жауапқа тартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 313 заңсыз қоқыс полигоны анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қостанай облысы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Сабиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылы департаменттің экологиялық реттеу бөлімі 197 мекеме-кәсіпорынды тексерді. Қоршаған ортаға жағдайларын бақылау үшін арнайы сараптамалық комиссия құрылды.

«Департаменттің экологиялық инспекциясы 2019 жылы 239 заң бұзушылықты анықтады. 2,2 млн теңге көлемінде 33 айыппұл салынды. 4,4 млрд теңге сомасында залалды өтеу бойынша 66 бұйрық шығарылды. Бұйрықты орындау үшін де біршама жұмыс атқарылды. Былтыр Қостанай облысындағы «Ғарыш Сапары» ҰК АҚ жерсеріктік жүйесі арқылы қоқыс қалдықтарын рұқсатсыз орналастырған 313 учаске анықталды. Қазіргі уақытта оның 155 алқабы жойылды», - деді Талғат Сабиев.

Заңсыз қоқыс полигондардың пайда болуына жол берген Қостанай және Рудный қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері, сондай-ақ 26 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Соңғы жаңалықтар