Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көше ауыз сусыз қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласының Сибирская көшесін мен Абай даңғылының қиылысында су құбыры жарылды. Қазір аталмыш су желілерінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Апаттық құбырларды жөндеумен айналысатын «Қостанай-Су» мекемесі мәлім еткендей, қазір Сибирская көшесінің бірнеше үйі ауыз судан ажырады. Ал 15 қаңтар сағат 09:00-ден бастап мына мекенжайлар бойынша ауыз су беру тоқтатылады:

- Абай даңғылы 39А корпусындағы тұрғын үйлер;

- Сибирская көшесінің қиылысы мен Абай даңғылынан Алтынсарин көшесіне дейінгі аралықтағы жеке тұрғын үй секторы;

- Сібір өткелі;

- Алтынсарин-Баймағамбетов көшелерінен Хакімжанова көшесіне дейін.

Сонымен қатар Қостанай қаласының №18 орта мектебі мен облыстық МАИ ғимараты ауыз судан тоқтатылады.


Соңғы жаңалықтар