Қостанайда құрылыс алаңында тұрған вагон өртенді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында құрылыс алаңы өртеніп, оттегі және пропан толтырылған баллон қауіпсіз аймаққа шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Қостанай қаласының Қобыланды батыр көшесінде болған. Құрылыс жүріп жатқан нысан аумағында вагон өртенген. Өрт 75 шаршы метр аумақты шарпыды.
«От құрылыс нысанынан бірнеше метр қашықтықта орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің қоршауына тарады. Оқиға орнына келген Қостанай қаласының №1-МӨСБ өрт сөндірушілері вагон ішіндегі сығылған оттегі бар 3 баллон және сұйытылған пропан бар 1 баллонды алып шықты. Өрт сөндірушілер үй-жайдан барлық баллондарды шығарып, өрт қауіптілігі жоғары аймақтан көшірді. Сонымен қатар құтқарушылардың күшімен көп қабатты үйден баспалдақ маршы арқылы 30 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», делінген ведомство хабарламасында.
- Түркістан қаласында иістен уланып қаза тапқан отбасыға материалдық көмек көрсетіледі
- Түркістанда жеке үйде төрт бала мен бір ересек адамның жансыз денесі табылды
- Жылқы іздеп шыққан қостанайлық алты күннен соң табылды
- АН-2 ұшағының шұғыл қонуы: Борт командирі мән-жайды айтып берді
-
Теміртаудағы жағдай: Үйлерге жылу беріле бастады
-
Түркістанның Созақ ауданында бір күнде 4 автобус жолда қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам