Қостанайда мұғалім сабақ үстінде оқушыны ұрған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сабақ үстінде оқушыны ұрған мұғалімге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, А. есімді мұғалім сабақ үстінде оқушыға жұдырық жұмсаған.

«Бастапқыда мұғалім кінәсін мойындамаған. Бірақ, сот отырысы барысында оның кінәсі куәгерлердің айғағымен расталды», - дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен мұғалім ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 10 АЕК (25250 теңге) көлемінде айыппұл өтейді.

Соңғы жаңалықтар