Қостанайда пандемияға қарсы іс-шараларға 2,1 млрд теңге бөлінді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында пандемияға қарсы іс-шараларға 2,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен өткен кеңес барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2,1 млрд теңге біздің медициналық мекемелерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді күшейту үшін бөлінді. Бұл қаражат пандемияға қарсы іс-шараларға тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қосымша төлеміне, өкпені жасанды желдету аппараттарын, дезинфекциялау және қорғау құралдарын сатып алуға жұмсалады. Облысқа өкпені жасанды желдетудің 41 аппараты жеткізіледі. Өңрде мұндай 3 құрылғы бар. Біраө юқд тиісті қажеттіліктерді жаба алмайды», - деді облыс әкімі кеңес барысында.

Пандемияға қарсы іс-шараларға тартылған дәрігерлерге 241 млн теңге қосымша төленеді. Тиісінше, ақ халаттылар кезекшілік бойынша күндіз-түні жұмыс істейді. Облыста инфекцияға қарсы шаралар үшін 695 төсек-орын дайындалды.

Сонымен қатар 105 нысанның қызметі тоқтатылды, оның ішінде 21 сауда орталығы, 23 ойын-сауық кешені, 10 кинотеатр, 15 фитнес-орталық, 4 түнгі клуб және 32 басқа қоғамдық мекеме бар. 38 киім-кешек базарының жұмысы шектелді, оларда жұмыс тәртібі сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін белгіленді.


Соңғы жаңалықтар