Қостанайда тегін спорт секцияларына жарты миллиард теңге бөлінеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанайлық балалар арасында шахмат, бокс және футбол ең танымал тегін спорт секцияларына айналды. Биыл Қостанай облысында тегін секциялар ұйымдастыру үшін 500 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста тегін секциялар өткен жылдың жазында, спорттық тапсырысты жүзеге асыру басталған кезде пайда болды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Елена Кирееваның айтуынша, қазіргі уақытта artsport.edu.kz порталында 93 жеткізушіден түскен 230 өтінім мақұлданған. Олар спорттың 71 түрінің 19 түрі бойынша спорт секцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтер ұсынған.

«Секциялар ең танымал спорт түрлері бойынша ұйымдастырылды. 1311 адамға шахмат, 963 адамға бокс, 843 адамға футбол, 628 адам волейбол және 581 адамға еркін күрес спорт секциялары ұйымдастырылған. Айта кету керек, жеткізушілер жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру тұрғысынан шығыны ең аз спорт түрлерін – шахмат, бокс, футбол, волейболды таңдайды. Осы уақытқа дейін бірде-бір жеткізуші қысқы спорт түрлері бойынша, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған секцияларды ұйымдастыру бойынша міндеттемелер алған жоқ»,- деп атап өтті Е. Киреева.

Жеткізушілер тарапынан барлығы 13 066 тегін спортпен шұғылданатын орын ұйымдастырылған.

Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыспен облыстың 17 өңірі қамтылған. Олардың қатарында Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық қалалары және Амангелді, Науырзым және Қамысты аудандарынан басқа 13 аудан бар.

«Биыл мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға 500 млн теңге қарастырылған, оның 389,9 млн теңгесі сәуір айындағы төлемді қоса алғанда игерілді. Қазіргі уақытта жеткізушілер алдында берешек жоқ»,- деп атап өтті Елена Киреева.


Соңғы жаңалықтар