Қостанайда тұтынушылардың жылу жүйесіне төлеген 50 млн теңгесі қайтарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында жылу үшін жасалған 50 млн теңгеден астам сомаға қайта есептеу жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коммуналдық қызмет тарифтерін қалыптастыру қағидаларына сәйкес, Қостанай облысында жылу энергиясын есепке алу құрылғылары жоқ тұрғындардың төлемдері қайта есептелді. Бұл тұста табиғи монополиялардың 23 субъектісі бойынша сыртқы ауаның нақты температурасы ескерілді.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облыстық департаменті тарифтерді қалыптастыру қағидаларының талаптарына сәйкес, сыртқы ауаның нақты температурасына сүйене отырып, жылу энергиясының құнын қайта есептеу жұмыстарын аяқтады. Қостанай облысы бойынша өткен жылыту кезеңінде жылу энергиясын есепке алу құрылғылары жоқ 23 нысанға жалпы сомасы 50718 610 теңгеге (ҚҚС-мен) төлем қайта есептелді. Оның ішінде табиғи монополияның базалық субъектісі «Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы» МКК бар. Кәсіпорынның жылу үшін төлеген 13378280 теңгесі (ҚҚС-мен) қайтарылды», - делінген министрлік ақпаратында.

Осылайша, аймақ тұрғындары қайта есептеуден соң жылуға төлеген қаражатын қайтарып алды.


Соңғы жаңалықтар