Қостанайдағы су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл күндері Қостанай облысы төтенше жағдай департаментінің аумақтық бөлімше қызметкерлері аула аралап, жадынамалар таратып жатыр. Үй иелеріне қарды уақытында және барынша тазалап, ауладан шығару керектігін тағы бір рет еске салуда. Су басқан жағдайда жергілікті тұрғындардан шұғыл қызметтердің телефонына хабарласуын сұраймыз», – деп хабарлады облыстық төтенше жағдай департаменті.

«Облыстық су тасқынына қарсы штаб және облыс әкімдігінің кезекші қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда азаматтар 112 немесе 109 нөміріне қоңырау соға алады. Өтінім қабылданып, оған жедел жауап беріледі», – деп түсіндірді ведомствода. Құтқарушылар 7 мыңнан астам ауланы қамтып, 279 аралау жүргізді, 17 мыңнан астам адамға нұсқау берді.


Соңғы жаңалықтар