Қостанайлық команда футзалдан ҚР чемпионатында жеңіске жетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдың «Allur» командасы футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Мереке күндері елордада өткен Қазақстан Республикасының VI чемпионаты осы спорт түрінен үздік өкілдердің басын қосты.

Қостанайлық команда финалға жеткенше келесі командалармен кездесті: «Бейнеу» (Маңғыстау) – 10:1; «Бекет» (СҚО) – 4:4; «Korkem-Kazaly» (Қызылорда) – 5:4; «Тұлпар» (Павлодар) – 8:2; «Жігер» (Атырау) – 7:3; «Қайсар Плаза» (Алматы) – 4:1; «Биосфера» (Қарағанды) – 2:2, пенальти бойынша 5:4.

Финалдық кездесуде ТЧЭ-14 (Қарағанды) пен «Allur» (Қостанай) арасында тартысты жекпе-жек өтіп, Алексей Забогонский жалғыз жеңіс голының авторы атанды.

Чемпионаттың үздік ойыншысы болып Асхат Тайбасаров (Allur) атанды.


Соңғы жаңалықтар