Қостанайлық құтқарушылар судың ортасында қалған тракторшыны құтқарды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында құтқарушылар бөгеттегі судың ортасында қалған тракторшыны шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Амангелді ауданының төтенше жағдайлар бойынша байланыс пунктіне бір шаруа басшысының тракторы тұрып қалғаны жөнінде хабар келіп түсті.

«Тракторшы мектеп жасындағы балаларын үйіне жеткізу үшін Мұқантүбек қыстағынан Байғабыл ауылына қарай Қарабөгет арқылы келе жатқан, қайтар жолда оның тракторы суда тұрып қалған», - деп мәлім етті облыстық ТЖД

Ер адам кабинадан шығып, тракторды өзі шығармақ болған, қолынан келмегесін ауыл тұрғындарын шақырған.

Олар екі трактормен келді. Олардың да әрекеттері нәтиже бермей, ақыры 112 қызметінен көмек сұрайды.

Құтқарушылар тракторды бөгеттен шығарып алды.


Авторы Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар