Қостанайлық полицейлер қар құрсауында қалған балалы әйелді құтқарды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай полицейлері 7 сәуір күні боран жағдайында 100-ден астам көлік жүргізушісіне көмек көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық полиция батальонының қызметкерлері Нұрхан Ысқақов, Абай Қалитпаев, Рүстем Жүнісов және Еркін Омаров КСК шағын ауданында қар құрсауында қалған «Ауди» көлігін көрді. Көлікте жүргізуші мен оның әйелі, екі айлық сәбиі болған.

«Екі қызметкер жүргізушіге көлігін шығаруға көмектессе, ал қалғандары ана мен баланы үйіне жеткізді. Бірақ үйдің кіреберісіне жол болмады. Осылайша, полицейлер сәбиді жаяу үйге дейін жеткізді», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Осы күні полицейлер қар құрсауында қалған 100-ден астам көлік жүргізушісіне көмектескен.


Соңғы жаңалықтар