+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Қостанайлық полицейлердің көмегімен Ресейде жарылғыш заттар тәркіленді

2021 жылғы 18 қаңтар 13:55
Бөлісіңіз:
Қостанайлық полицейлердің көмегімен Ресейде жарылғыш заттар тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының полицейлері ресейлік әріптестеріне жарылғыш заттарды тәркілеуге көмектесті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада қорадан 300 түк шөп ұрланды Өскеменде психотроптық заттарды саудалаған екі қарағандылық ұсталды ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқан 2 қылмыстық топтың жолы кесілді

«12 қаңтарда Қостанай полицейлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында жарылғыш заттардың, атап айтқанда, тротил құтылары мен тұтандырғыш түтіктердің фотосуретін анықтаған. Қостанай облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дереу суретті тексеруге кірісті. Жедел-іздестіру шаралары арқылы қостанайлық полицейлер фотоның Ресей Федерациясы аумағында жасалғанын, ықтимал сатушының аты-жөні мен жарылғыш заттар сақталған орынды тапты және ақпаратты ресейлік әріптестеріне жолдады», - деді Нұрділдә Ораз министрлікте өткен онлайн брифингте.

Нәтижесінде Челябі облысының полицейлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, 13 қаңтар күні Челябі облысы Троицк қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады, одан жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың компоненттері тәркіленді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT