Қостанайлық травматология пунктінің дәрігерін соққыға жықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қалсында травматология пунктінің дәрігерін соққыға жығуға қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 23.50-де Қостанай қаласындағы аурухананың травматологиялық пунктіне 26 жастағы ер адам жетізілді.

«Ер адамның білегі кесілген. Дәрігер қару барысында ол агрессия көрсетіп, дәрігерге соққы жасаған. Пациент полицейлер келгенше оқиға орнынан қашып кеткен», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде тәртіп сақшылары «Денсаулық орташа дәрежедегі қасақана зиян келтіру» бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар