Қостанайлықтар құрбан шалуда қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанып отыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Алдында ескертілгендей бүгін 31 тамыз күні Қостанай облысы бойынша Құрбан айт мерекесіне орай арнайы рәсімдер өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат akmechet.kz/ сайтына сілтеме жасап.

Жалпы облыс бойынша Qurban2020.kz сайты арқылы құрбандық шалуға 91 тапсырыс берілген болатын. Сол тапсырыстарды орындау бойынша бүгінгі күні мешіт қызметкерлері «Амиго» ЖШС кешенінде құрбандық шалу аманатын орындауда.

Барлық өтініштер орындалып болған соң құрбандық еттерін мұқтаждарға жеткізіп беруге кіріседі.

Сонымен қатар кейбір қала аудандарда етке мұқтаждығы бар отбасыларына жеткізіліп берілді.


Соңғы жаңалықтар