+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

ҚПЛ: «Астана» қатарынан үшінші мәрте жеңілді

2020 жылғы 21 қараша 14:56
Бөлісіңіз:
ҚПЛ: «Астана» қатарынан үшінші мәрте жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 19-турында елордалық «Астана» қарағандылық «Шахтерден» жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Данияр Елеусінов чемпиондық белдікке таласатын жекпе-жегі қашан өтетінін айтты Бүгін бокстан Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді Бокстан Қазақстан чемпионатының жүлде қоры белгілі болды

Бұл ойында қарағандылық команда 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 7-минутында «Шахтер» сапынан Руслан Мингазов есеп ашты. Ал қарағандылық футболшы Сергей Зенев 24-минутта есепті үстемелей түсті. Қарағандылық Еркін Тапалов 69-минутта мергендігімен көзге түсті. «Астана» сапынан 90 минутта Дидар Жалмұқан есеп айырмасын қысқартты.

Бүгін аталған турдағы «Ордабасы» мен «Қайсар», «Жетісу» мен «Тараз» командалары кездесуде. Бірінші кезеңнен кейін «Ордабасы» мен «Қайсар» 0:0 есебімен тең ойнаса, «Тараз» «Жетісудан» 1:0 есебімен басым болды.

Сондай-ақ, бүгін «Қайрат» пен «Қызылжар», «Каспий» пен «Оқжетпес» командалары шеберлік байқасады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT