+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

ҚР Ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің қазасы төңірегіндегі дауға пікір білдірді

2021 жылғы 20 қыркүйек 21:28
Бөлісіңіз:
ҚР Ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің қазасы төңірегіндегі дауға пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы спортшы Альберт Линдердің қазасына қатысты жайтқа орай ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы Бейжіңге жетті UEFA Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті Теннис: Елена Рыбакина Мәскеу турнирінің екінші айналымына шыға алмады

«Күні кеше Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшелері, оның ішінде қаза тапқан Альберт Линдердің ағасы әлеуметтік желілердегі парақшаларында құрама команда бапкерлеріне қатысты шағымдары мен сындарын айтты. ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауға алуға және әрбір айыптаудың мән-жайын анықтауға ниетті. Таяу уақытта федерация атлеттердің әрқайсысымен байланысады және ішкі тексеру жүргізеді. Қорытындысы қосымша жарияланатын болады», - делінген федерация мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетсек, Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, универсиада жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы зілтемірші Альберт Линдер 26 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Осыдан кейінгі танымал ауыр атлет Илья Ильин Альберт Линдердің қайтыс болуына байланысты пікір білдірген еді.


Фото: wfrk.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT