+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

ҚР Бас прокуратурасы Цифрлық жобаларын таныстырды

2021 жылғы 19 ақпан 12:23
Бөлісіңіз:
ҚР Бас прокуратурасы Цифрлық жобаларын таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуратурасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық жобаларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемдегі парамен ұсталды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Көкшетауда болды

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов іс-шараны аша отырып, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік органдармен бірлесіп қылмыстық және әкімшілік процестерді автоматтандыру, тексерулер тағайындау, өтініштермен жұмыс бойынша жобалар іске асырылғанын атап өтті.

Олар мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, құқықтық статистиканың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған.

Журналистерге «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Электрондық өтініштер» цифрлық жобаларының мүмкіндіктері және «Qamqor» ақпараттық сервисі көрсетілді.

Атап айтқанда, шақырылғандар Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылатын «Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі» (СДТБТ) жүйесінде сотқа дейінгі тергеу органдарының негізгі шешімдерін прокурорлармен келісу тәртібімен танысты.

Бұл жұмыстың мәні тергеуші, адамды күдікті деп тану, әрекетті саралау, қайта саралау, істі тоқтату, тоқтату туралы өзінің шешімін, сондай-ақ адамды айыптау хаттамасын және бұйрықтық іс жүргізуін қолдану туралы қаулыны СДТБТ-де электрондық түрде қалыптастыруға болатындығында болып отыр. Прокурор онлайн режимінде белгіленген мерзімдерде олардың заңдылығын тексереді, бұзушылықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдайды. Прокурордың келісуінсіз және бекітуінсіз жоғарыда көрсетілген процестік шешімдердің заңдық күші болмайды.

Бұдан басқа, қылмыстық процеске қатысушылардың қабылданған процестік шешімдерді қашықтықтан қадағалауға, келіспеген жағдайларда оларға уақтылы шағымдануға мүмкіндігі бар. Мұндай модель процестік құжаттарды дайындау уақытын және тергеу мерзімдерін қысқартады, қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тартылған адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Осы жаңалықтарды іске асыру қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің бірінші кезеңі болып табылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT