ҚР ДСМ екпе алмағандардың қашықтан жұмыс істеуіне қатысты түсініктеме берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК-тың Telegram-каналында ұйымдардың, кеңселердің қызметкерлерін қашықтан жұмыс жасау нысанына ауыстыруға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұрын қолданыста болған №68 қаулысының редакциясына сәйкес: «қызыл» аймақта қызметкерлердің 80% - қашықтық режимінде, 20% -күндізгі режимде; «сары» аймақта: қызметкерлердің 50% - қашықтықтан, 50% - күндізгі режимде; «жасыл» аймақта: қызметкерлердің 30% - қашықтықтан, 70% - күндізгі режимде жұмыс жасау туралы белгіленген. Қазіргі уақытта №17 Қаулымен енгізілген өзгерістерге сәйкес қашықтықтан және күндізгі режимде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы өзгерген жоқ.
Бұл ретте, вакциналаудың толық курсын алған адамдарда коронавирус инфекциясына қарсы қорғаныш қабілеті қалыптасқан, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарда 6 айға дейінгі кезеңге қорғаныш антиденелері болады және олар вакцинациялауға жатпайды.
Осыған байланысты аталған санаттағы қызметкерлердің жұмысын қашықтық форматына көшіру қажет етілмейді», деп атап өтеді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Қазіргі уақытта қызметкерлерді вакцинациялау барлық мекемеде жүргізілмегенін және екпе алмаған қызметкерлердің әлі де қауіп тобында екендігін ескере отырып, инфекцияға қарсы екпенің толық кезеңінен өткен және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырған барлық қызметкерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберу туралы шешім қабылданды.

«Бұл ретте Сovid-19-ға қарсы вакцина салдырмаған және соңғы 6 ай көлемінде вирус жұқтырмаған қызметкерлер қашықтан жұмыс жасау форматына көшіріледі. Осылайша, Қаулының жаңа редакциясында COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі дозасын алған қызметкерлер үшін жұмыс жасау форматына қатысты жеңілдіктер қарастырылған. Егер «қызыл» аймақтағы талаптарға сәйкес ұйым қызметкерлері үшін 80% - қашықтық режимінде, 20% – күндізгі режим белгіленген болса, бірақ ұйымда қызметкерлердің 90% - ы вакцинацияланған болса, екпе алған барлық қызметкерлерді күндізгі жұмыс режиміне жіберуге рұқсат етіледі, яғни қызметкерлердің 10% -ы қашықтан, 90% - ы күндізгі режимде жұмыс жасай алады. Бұл жағдай басқа аймақтарға да қатысты», - деп түсіндірді Комитет.


Соңғы жаңалықтар