ҚР ІІМ көрсететін 44 мемлекеттік қызметтің 39-ы автоматтандырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі жыл басталғалы 9 түрлі мемлекеттік қызметті автоматтандырған. Бұл туралы ҚР ІІМ көші қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі бүгінгі таңда көші-қон, жол қозғалысы, қару мен есірткі айналымына қарсы күрес, архивке қатысты мемлекеттік қызметтің 44 түрін көрсетеді. Жеке басты куәландыратын құжатты рәсімдеп, жүргізуші куәлігін береді, автокөлік құралын тіркейді. Одан бөлек министрлік қаруды рәсімдеу, есірткі заттары мен психотропты заттардың лицензиясы секілді тағы бірқатар құжатқа жауапты. Ішкі істер министрлігінен жылына 7-8 миллион адам керекті құжатын алады. Автоматтандырудың, цифрландырудің арқасында ХҚО арқылы азаматтар бұл қызметтерді ішкі істер органдарына жүгінбей-ақ алады», - деді Сабыржан Сейтжанов «ІІМ көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Мәселен жыл басынан бері халық көрсетілетін 7 миллион қызметтің 6,5 миллионы ХҚО арқылы алған. Оның ішінде ең көп сұранысқа ие қызмет түрлеріне тұрғылықты жерге тіркелу (1 млн 569 мың), төлқұжат пен жеке куәлік тапсыру (1 млн 900 мың), тұрғылықты жердегі тіркеуден шығару (458 мың), жүргізуші куәлігін тапсыру (828 мың) жатады.

«Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызметті көрсету процедураларын қысқартып, әкімшілік кедергілерді төмендетіп, қызметкерлердің бұл іске араласуы мен пара алу ықтималдығын азайтып жатыр. Жыл басынан бері 9 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Оның 8-і қару айналымына, 1-і қаруды қылмыстық сипатта зерттеу саласына қатысты. Бүгін де автоматтандыру деңгейі 88,6 пайызды құрайды. Яғни барлық44 қызметтің 39-ы автоматтандырылған», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар