ҚР Ішкі істер министрі ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары елші Ламберто Заньермен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары елші Ламберто Заньермен кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушылар полицияны реформалау және осы саладағы ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты.


Тараптар мүдделі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Осы кездесу аясында «Көпэтникалық қоғамдастықтарда полицияның тиімді және инклюзивтік жұмысына жәрдемдесу» тақырыбында семинар өтті.

Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.


Соңғы жаңалықтар