ҚР ҚК Әскери-тарихи музейі құнды эскпонатпен толықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейіне Санкт-Петербург қаласының Пискарев ескерткіш зиратынан әкелінген қасиетті топырақ салынған капсула салтанатты түрде тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған капсуланы бүкіл жоралғысын жасай отырып, «Ескерткіш аумағы» іздеу жасағының өкілі, Санкт-Петербург журналистер одағының және Ресей Федерациясы Кинематографтар одағының мүшесі Шерхан Әбілов салтанатты рәсіммен тапсырды. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне аталған іздеу жасағының командирі Майдан Құсайынов іс-шараны өткізуге қолдау көрсету туралы өтініш білдіріп, қорғаныс ведомствасының қолдауына ие болды.

Бұдан басқа, музейге «Вечный Ваш подвиг в сердцах грядущих поколений» деп аталатын үстел медалі, ленталар, неміс және орыс тілдеріндегі насихаттау қағаздары, сондай-ақ деректі фильмдер мен Пискарев ескерткіш кешені туралы қосымша ақпараттық материалдар берілген болатын.

Екінші дүниежүзілік соғысының тарихында Пискарев ескерткішінің маңызы зор. Бұл зиратта Ленинград майданында қаза болған 420 мың бейбіт халық, сондай-ақ шайқаста мерт болған 70 мың сарбаз бен офицер жерленген. Ұлы Отан соғысында Ленинград майданына қазақстандықтар да қатысқан. Пискарев зиратындағы бауырластар қорғанында біздің де отандастарымыз да жерленген болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар