ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Франция сенаторларымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин «Франция – Орталық Азия» парламенттік достық тобының төрағасы Эрвэ Морэ бастаған Франция Сенатының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалын және стратегиялық әріптестіктің даму перспективаларын, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі қарым-қатынасты оң бағалады.

Ерлан Қарин француз сенаторларына 5 маусым күні референдумға шығарылып отырған конституциялық реформалардың мәні мен маңызы туралы айтты.

Франциялық делегацияның жетекшісі Э.Морэ Қазақстанда іске асырылып жатқан саяси жаңғырту бағдарламасының ауқымы кең екенін атап өтті.

Кездесуде тараптар халықаралық және өңірлік деңгейдегі бірқатар мәселе бойынша пікір алмасты.


Соңғы жаңалықтар