+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

ҚР Президенті адвокаттық қызмет туралы заңға қол қойды

2021 жылғы 10 маусым 08:06
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті адвокаттық қызмет туралы заңға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы: Құжатта негізгі сын-қатерлерге қарсы іс-қимылдар қамтылған ҚР Президенті 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекітті Балалардың заңды құқығын бұзғандарға қатаң шара қолданамыз - Шөкеев

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

«Конституциялық Кеңес құжаттың Қазақстан Республикасының Ата заңына сай келетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметке депутаттық корпуспен бірлесіп, қолданыстағы қазіргі заң жобасы аясында кейбір Заң нормаларын заңнамалық тұрғыдан нақтылау жөніндегі Конституциялық Кеңестің ұсыныстарын қарастыруды тапсырды», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Еске салайық, биылғы 12 мамырда ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды Республика Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы Конституциялық Кеңеске жүгінген болатын.

4 маусым күні Конституциялық Кеңес Президенттің өтініші бойынша шешім қабылдады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT