ҚР Президенті бірқатар заңға қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

* * *

Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұдан бөлек ҚР Президенті «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сот жүйесі туралы заңнамасынақол қойған болатын.



Соңғы жаңалықтар