ҚР Президенті бүгін сағат 20:30-дa республикалық телеарналар арқылы қазақстандықтарға үндеу жасайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 20:30-дa Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеу жасайды. Президент пандемияға қарсы күрес барысында барша қазақстандықтарды мазалаған проблемалар туралы айтуды жоспарлап отыр», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар