ҚР Президенті Ержан Қазыханға тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысында Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл Ержан Қазыханға тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жиында Қасым-Жомарт Тоқаев саяси, сот, экономикалық және әлеуметтік салалардағы барлық өзгерістерді шетелдік әріптестерімізге сауатты жеткізу керектігін айтты. Аталған жұмысты Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл Ержан Қазыханға үйлестіруді жүктеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы инвестициялық дауларды шешу мәселесін қозғады. Осы ретте Үкіметке биылғы жылдың 1 тамызына дейін Сэр Сума Чакрабартидің баяндамасында айтылған мәселелерді жан-жақты қарастыруды тапсырды. Бұл жұмысты үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктелді.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызда Қазақстанды трансформациялау және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар тұрғанын айтты.

«Бізге сапалы серпін керек. Ол үшін бәріңізді жүйелі және тиімді жұмыс істеуге шақырамын», – деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, биыл 5 сәуірде Ержан Қазыханов ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындылған болатын.



Соңғы жаңалықтар