ҚР Президенті карантиндегі қалаларда коммуналдық төлемді төмендету шешімін жеделдетуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коммуналдық төлемдерді төмендету бойынша кешенді шешім қабылдауды жеделдету керек. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантиндегі қалалардың тұрғындары үшін коммуналдық төлемдерді төмендету бойынша кешенді шешім қабылдауды тапсырдым. Менің білуімше, мұндай шешім әлі табылған жоқ. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына басымдық бере отырып, тиісінше шешім қабылдауды жеделдету қажет», - деді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы елдегі төтенше жағдай режимін сәуір айының соңына дейін созу қажет екендігін және үш мегаполис пен өңірлердегі карантинді жалғастыруды тапсырды.



Соңғы жаңалықтар