+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс

2021 жылғы 15 қаңтар 19:08
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысының алдында фракциялардың жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақыны ұлғайту ұсынылды Астық тасымалдау  тарифтеріне мониторинг жүргізу керек - Мәжіліс Мәжілісте Алаш арыстарының есімдерін жергілікті жерде ұлықтау мәселесі көтерілді

Қазақстан Президенті Конституцияда бекітілген тәртіпке сәйкес Премьер-Министрдің лауазымына ұсынылатын кандидатураны депутаттық фракция жетекшілерімен ақылдасты.

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, атқарушы билік тармағының пандемия салдарынан болған жаһандық дағдарыс жағдайындағы іс-әрекетіне баға берді.

– Үкімет дағдарысқа қарсы жоспарды тиімді жүзеге асырды. Соның арқасында жұмыссыздықтың көбеюіне, халық табысының жаппай төмендеуіне жол берілмеді. Бұл шаралар тиімді болды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты және қаржы жүйесінің орнықты екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Үкімет пен Мәжілістің жаңа құрамы экономиканың ұзақ мерзімді өсімін қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Үкіметтің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ел Конституциясының 44-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беруі үшін Асқар Маминнің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды.

Мемлекет басшысы өзінің шешімін түсіндіре келе, Асқар Маминнің білікті әрі тәжірибелі, еңбекқор, талапшыл және парасатты мемлекеттік қызметші екенін атап өтті.

– Ол алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді жақсы түсінеді. Оның Үкіметтегі нәтижелі жұмысы – соның айқын дәлелі, – деді Президент.


Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттарына өзі ұсынған кандидатураны қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Асқар Маминді жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT