+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды

2021 жылғы 15 қаңтар 17:09
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі жетілдірілуде Аграрлық несие корпорациясының мемлекеттік кепілдік алу рәсімін жеделдету керек - депутат Асқар Мамин әкімдерге: Барлық ауылда медицина ұйымдары интернетпен қамтылуы тиіс

Айта кетейік, жалпы отырыста ҚР Премьер-Министрі етіп Асқар Ұзақбайұлы Маминді тағайындауға келісім берілсін деген қаулының жобасы дауысқа қойылды. Қатысқан 99 депутаттың 78 жақтады, ал 21 депутат қалыс қалды.

«Шын мәнінде өте қызық талқылау болды. Пікірталас өте ашық, анық әрі айқын болды. Сондықтан ризашылығымды білдіремін», - деп тоқталды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы екі фракция, яғни «Ақ жол» партиясы мен Қазақсан Халық партиясы дауыс беру кезінде қалыс қалғанын еске салып, қалыс қалу – ол қарсы дауыс емес екенін айтты.

«Асқар Ұзақбайұлын (Үкімет басшысын) шын жүректен құттықтаймын! Сізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан жұмысыңыз мардымды, табысты, жемісті бола берсін», - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді.

Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осыған дейін «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Үкімет басшысының кандидатурасына қатысты пікір білдірді.

«Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан, Үкімет өз жұмысын жақсы атқарды. Басқа елдерге қарағанда біз жаман нәтиже көрсеткен жоқпыз. Егер Президент Асқар Ұзақбайұлы Маминді ұсынса, онда мен фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT