ҚР Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұлттық банк төрағасымен кездесуде Қазақстан Президентіне жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының 2019 жылдың 11 айындағы қорытындылары, инфляция динамикасы, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің ахуалы туралы баяндалды.

Сондай-ақ Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияға байланысты болжамдарды, 2020 жылға арналған ішкі жалпы өнімнің өсуі және төлем балансының ағымдағы шоты бойынша жорамалдарды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар