ҚР Президенті жастар саясатының жаңа кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы жастар саясаты туралы жаңа кешенді бағдарлама әзірленеді. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы кезеңде мемлекеттік органдар жастарға қолдау көрсету үшін бірқатар міндеттерге баса назар аударуы қажет. Ең алдымен, жастар саясаты туралы жаңа кешенді бағдарлама керек деп санаймын. Онда қазіргі жаһандық үрдістер мен жастардың сұраныстары жан-жақты ескерілуі тиіс. Жастар саясаты жөніндегі жалпы тұжырымдама 20 жыл бұрын әзірленген. Қазіргі уақытта осы салада түрлі бағыттағы бағдарламалар өте көп. Сондықтан жастар саясатына кешенді көзқарас керек», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті жаңа бағдарлама арқылы жастарға сапалы білім беру, жұмысқа тұру, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тетіктері ұсынылуы керектігін айтты.

«Жастардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасалуы қажет. Құжатта жас буынға арналған тиімді әрі ашық әлеуметтік мүмкіндіктер көрсетілуі керек. Барлық елді мекендердегі спорт және мәдениет нысандары жастарға қолжетімді болуы тиіс Үкімет келесі жылы осы бағдарламаны дайындап, оның негізінде 2021 жылы заң жобасын әзірлеуі қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар