ҚР СІМ Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне алаңдаушылық білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігі Шығыс Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне және Палестина-Израиль қатынастарының шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шығыс Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне және Палестина-Израиль қатынастарының шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреміз.

Қалыптасқан жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытып, ахуалдың одан әрі нашарлауына әкелетін қадамдардан бас тартуы қажет.

Әл-Ақса мешітінің кешені төңірегінде арандатушылық әрекеттерден аулақ болуға және статус-квоны құрметтеуге шақырамыз.

Саяси, діни және қоғамдық көшбасшылар қасиетті Рамазан айында шиеленісті азайту үшін бар күшін салады деп үміттенеміз.

Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының тек «Екі мемлекет» формуласы және Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті қарарлары негізінде бейбіт жолмен әділ шешілуін қолдайды», - делінген СІМ мәлімдемесінде.


Соңғы жаңалықтар