ҚР СІМ Нью-Делидегі өртке байланысты көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанда болған өртке байланысты ҚР СІМ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нью-Дели қаласында орналасқан фабрикалардың бірінде орын алған өрт салдарынан адамдардың қазасына алып келген суыт хабарды күйзеліспен қабылдадық.

Қазақстан достас үнді халқының орны толмас қайғысына ортақтасады. Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, өткен жексенбі күні Үндістан астанасы Делидің солтүстігіндегі Анадж Манди ауданында фабрика өртеніп, 43 адам мерт болған елді.

Соңғы жаңалықтар