ҚР СІМ орынбасары БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқарма басшысымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Венаға сапары аясында БҰҰ Венадағы бөлімшесінің басшысы – БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Атқарушы директоры Ғада Уәлимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар екіжақты және өңірлік әріптестік мәселелерін, соның ішінде осы жылдың соңына дейін қол қоюы жоспарланған Ауғанстан мен көрші елдерге арналған өңірлік бағдарламаның жаңа циклі шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы Есірткі трафигіне қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) әлеуетін пайдалану және дамыту мәселелері көтерілді.


Соңғы жаңалықтар