ҚР СІМ ресми өкілі Испанияда көз жұмған қазақстандық бизнесменге қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Испанияда көз жұмған қазақстандық бизнесменге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің консул Мадридтен 500 шақырым жердегі оқиға орнына барған болатын. Испаниялық полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізді. Өлім зорлық-зомбылық жағдайынан келмеген. Оның сырқаты болған. Ажалы содан келді. Туған-туыстарына марқұмның денесі 2-3 күннің ішінде жеткізілетіні хабарланды», - деді Айбе Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Испанияда қазақстандық азамат көз жұмғаны бұған дейін СІМ-нен хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар