+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Серіктестік департаментіне жаңа басшы тағайындалды

2021 жылғы 22 ақпан 11:37
Бөлісіңіз:
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Серіктестік департаментіне жаңа басшы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен аталмыш ведомствоның Серіктестік департаментінің директоры болып Перизат Сәдуақас тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

П. Сәдуақас бұл қызметке дейін Серіктестік департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. Қарағанды облысында туған. Білімі жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.

Университетті аяқтаған соң Қарағанды қаласындағы М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның тарих пәнінің оқытушысы болды.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, М.С.Нәрікбаев атындағы «КАЗГЮУ Университеті» АҚ, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде және ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT