+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры тағайындалды

2020 жылғы 17 қаңтар 17:41
Бөлісіңіз:
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы Елбасы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қанат Несіпбайұлы 1965 жылы дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) сыртқы экономикалық қызметтер үшін мамандар даярлау мектебін бітірген.

Еңбек жолы: «ҚазАстықТранс» ЖШС басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметкері; «Алатау» Емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті (2014 жылдан); Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры.

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 25 наурызына дейін ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының атқарушы директоры. 2019 жылдың наурызынан ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары болды.

Еске салайық, 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың қаңтарына дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры қызметін Әсет Исекешев атқарған болатын. Ол 16 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды.


Фото: static.365info.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT