+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Атқару комитетінің жаңа құрамы сайланды

2020 жылғы 26 ақпан 17:50
Бөлісіңіз:
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Атқару комитетінің жаңа құрамы сайланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының отырысы өтті. Күн тәртібінде ҰОК-тың негізгі басқару органдарын сайлау мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ТЖ режимі: Премьер-Министр мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін бекітті Асқар Мамин бірқатар министрлер мен облыс әкімдеріне тапсырма берді Төтенше жағдай жөніндегі мемкомиссияның отырысы: Қандай тапсырмалар жүктелді

Отырысқа Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, сонымен қатар ұлттық спорт федерацияларының президенттері мен өкілдері қатысты.

ҚР ҰОК Жарғысының ережелеріне сәйкес, бас хатшы және вице-президент лауазымдарына үміткерлерді ҰОК президенті ұсынады. Осылайша, Сәкен Мұсайбеков бас хатшы болып қайта сайланды. Барлық вице-президенттер де қайта сайланды:

ҰОК-тың жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті Данияр Абулғазин,

ҰОК-тың қысқы спорт жөніндегі вице-президенті Асқар Мамин,

ҰОК-тың жазғы спорт жөніндегі вице-президенті Әділбек Жақсыбеков,

ҰОК паралимпиадлық спорт жөніндегі вице-президенті Қайрат Боранбаев,

ҰОК халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Андрей Крюков болды.

«Ұлттық Олимпиадалық федерациялар мен Қазақстан Олимпиадалық комитеті бүгінде спорттағы барлық процестердің белсенді қатысушысы. Үкіметтің қолдауымен біз ұлттық құрамаларды дайындап, оларға материалдық, техникалық, биомедициналық және оңалту бойынша қолдау көрсетудеміз. Осылайша, спорт күнтізбесіндегі шаралар толығымен орындалуда. Біздің алдымызда ҰОК-тың келесі екі олимпиадалық кезеңіндегі саясатын нақты анықтайтын маңызды міндеттер тұр. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз ұлттық құрамаларды қолдау мен жаттығулар жүйесінің тиімділігін арттырып, еліміздегі олимпиадалық қозғалысты дамытудың іргелі мәселелерін сапалы шешуді қамтамасыз етеміз», - деді жиналыста ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев.

Олимпиада комитетінің басшысы спорттық медицинаны дамыту және спорттағы допингке қарсы күрес ҰОК пен ұлттық федерациялар жұмысындағы маңызды бағыттың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Атқару комитетіне спорт федерацияларының өкілдері ретінде келесі мүшелер сайланды:

«Қазақстан волейбол федерациясы» РҚБ президенті Нұртай Әбіқаев,

«Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы» РҚБ президенті Даниал Ахметов,

«Қазақстанның қазіргі бессайыс федерациясы» РҚБ президенті Берік Имашев,

Қазақстан Республикасы шаңғы тебу ұлттық ассоциациясының ЗТБ президенті Диас Сүлейменов,

«Ауыр атлетика федерациясы» РҚБ президенті Жанат Түсіпбеков,

«Теннис федерациясы» РҚБ президенті Болат Өтемұратов,

«Қазақстан гимнастика федерациясы» РҚБ президенті Үміт Шаяхметова,

Спортшылар комиссиясының төрағасы Серік Сәпиев.

Сонымен қатар, Қазақстан бадминтон федерациясының президенті Ұлан Байжановтың төрағалығымен ҰОК Тексеру комиссиясының құрамы сайланды. Ұсынылған кандидаттарды іріктеуге ұлттық федерациялар өтініш бергеннен бастап кандидаттарды ұсынудың барлық процестерін тәуелсіз сайлау комиссиясы Бахтияр Артаевтың төрағалығымен жүргізгенін атап өткен жөн. Атқару комитеті мен елдің негізгі олимпиадалық департаментінің Тексеру комиссиясының құрамы төрт жылда бір сайланады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Статистика,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT