ҚР Ұлттық ұланының оркестрі Мәскеуде өнер көрсетті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетілімдік оркестрі «Спасская башня» Халықаралық әскери-музыкалық фестивалі аясында Мәскеудің Ленинград вокзалында өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның арнаулы тілшісі.

Биылғы жылы «Спасская башня» фестиваліне Қазақстан атынан ҚР Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетілімдік оркестрі мен Құрметті қарауыл ротасы қатысты. Олар үшін бұл Қызыл алаңдағы алғашқы өнер көрсетулері болды.

«Өз репертуарымызда ұлттық ерекшелігімізді көрсетіп, ресейлік және шетелдік көрермендерді қазақ даласының фольклорымен таныстырғымыз келеді», - деді Ұлттық ұланның үлгілі-көрсетілімдік оркестрінің басшысы, аға лейтенант Төрехан Жәудінов.

Қазіргі «Спасская башня» фестиваліне 12 елден 30 ұжым қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Мысыр, Италия, Қытай, КХДР, Норвегия, Корея Республикасы, Ресей, Түркия, Жапония және халықаралық екі топ – волынка мен барабанның кельт оркестрі және кельт билерінің командасы бар.

Қазақстандық оркестр «Спасская башня» фестивалін А.Бестібаевтің «Жорға» әнінен бастады. Одан кейін мәскеулік көрермендер «Жез киік» композициясымен бірге қазақтың би фольклорымен танысты. Бұдан бөлек, оркестр «Из-за острова на стрежень» орыстың халық әнін орындады.


«Спасская башня» жыл сайынғы Халықаралық әскери-музыкалық фестивалі алғаш рет Мәскеуде 2006 жылы өткен еді. 12 жыл ішінде фестивальге 54 елден 160-тан астам ұжым қатысып, әлемнің ең танымал әскери-музыкалық фестивальдерінің үштігіне енді. Қазіргі таңда ол Ресейдің ең ірі халықаралық мәдени жобасы болып табылады. Фестиваль 23 тамыз-1 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.




Соңғы жаңалықтар