Крещение мерекесінде шомылуға рұқсат беріле ме – Бас санитар жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов православ дініндегі Крещение мерекесін өткізуге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әзірге жекелеген өңірлерде жергілікті санитарлық қызметтердің шешімімен шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Бірақ жалпы республика бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты жерлерде бұл шараларға тыйым салынбаған», - деп жауап берді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Спикердің айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына Крещениедегі суға түсу орындарын тиісті түрде әзірлеу туралы хаттар жіберілген.
«Әрине мұнда да, шара қатысушылары әлеуметтік қашықтық, жеке қауіпсіздік сынды талаптарды сақтауы тиіс», - деп түсіндірді бас санитарлық дәрігер.
- Өткен тәулікте Ақтөбеде 6 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
- Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау қалай жүргізіледі
- Атырауда коронавирус жұқтырғандардың дені – Теңіз кенішінің жұмысшылары
- COVID-19 жұқтыру жағдайлары көбінесе алдын алу шараларын елемеуден - дәрігер
-
Шетелден ұшып келген 201 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ
-
Пандемия кезінде қазақстандықтар әр 5 теңгенің екі теңгесін азық-түлікке жұмсаған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам