Кристина Гайак қазақстандықтар үшін Шенген визасын жеңілдетуге қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің мемлекеттік хатшысы Кристина Гайак қазақстандықтар үшін Шенген визасын алуды жеңілдетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Шенген визсына қатысты мәселелерді де талқыға салдық. Өздеріңізде білесіздер, испан тарапы Шенген визасын ашуға қатысты ұстанымы оң. Дегенмен, бұл мәселеде Еуропалық одаққа мүше барлық елдің ортақ ымырасы қажет. Жалпы, Испанияның ұстанымы оң екендігін атап өткім келеді», - деді ол Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігі арасындағы саяси консультациялардың 6-раунды аясында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар ол шілде-тамыз айларында Испания қазақстандық туристерді күтетіндігін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалатындығын айтып сендірді.


Соңғы жаңалықтар