+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

ҚТЖ төрағасы Сауат Мыңбаев Арыста жүр

2019 жылғы 9 қазан 18:12
Бөлісіңіз:
ҚТЖ төрағасы Сауат Мыңбаев Арыста жүр

АРЫС. ҚазАқпарат - Сауат Мыңбаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Арыс қаласының басты көрікті жерлерінің бірі - теміржол вокзалында болды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Мерзімді әскери қызметшілер Арыстағы жұмысқа тартылған жоқ – Нұрлан Ермекбаев Өмірзақ Шөкеев «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапатталды Арыстың бас қақпасының лентасы салтанатты түрде қиылды

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның төрағасы Арыс темір жол стансасындағы көлік инфрақұрылымы нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен танысты. Шойын жол нысандарында жүргізілген барлық жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталған. Жарылыс салдарынан темір жол торабында орналасқан 60-тан астам қызметтік-техникалық ғимараттар, көптеген тұрғын үйлер зақымдалған болатын. Қысқа уақыт ішінде көне теміржол вокзалы толық қайта жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енген. Қала өміріндегі тарихи да маңызды нысанның күрделі құрылысын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» жүргізді.



Арыс – Орта Азия қақпасы, тоғыз жолдың торабы атанған теміржолшылар қаласы. Халқының басым көпшілігі де шойын жол саласында қызмет етеді. Биыл 1-теміржол вокзалына 115 жыл толып отыр. Іргетасы 1904 жылы қаланған көне ғимараттың іші-сырты толық жаңғыртылды. Ең бастысы, ғимараттың тарихи сәулеті сақталып, ұрпаққа көне жәдігерлердің бірі болып қалмақ.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT