+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Куба ЕАЭО елдерінің вакциналау паспортын мойындады

2021 жылғы 14 қазан 19:22
Бөлісіңіз:
Куба ЕАЭО елдерінің вакциналау паспортын мойындады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Куба Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін туристер үшін қолайлы жағдай жасалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда соңғы айда 97 оқушы мен 19 мұғалімнен коронавирус анықталды Алматы облысында коронавируспен ауырған 23 адам жансақтау бөлімінде жатыр Алматыда 15 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды

«Бірлескен іс-қимылда туризм секторы елеулі перспективаға ие. Бұл ретте Ресеймен арада осы сала бойынша жақында тиісті қадамдар жасалды. ЕАЭО-ға мүше елдерден келетін туристер үшін қолайлы әрі тартымды жағдай жасауға дайынбыз», - деді Куба Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Осы орайда ол Кубаның туристік орындары жайында ЕАЭО елдерінде кеңінен мәлімет беру тұрғысында ұсыныс айтты.

«15 қарашадан бастап кубалықтардың 90 пайыздан астамы вакциналанады. Біздің шекаралар біртіндеп ашыла бастайды, сондай-ақ елге келетін жолаушылар үшін санитарлық-гигиеналық хаттама талаптары жеңілдетіледі, жолаушылардан ПТР-тест сұралмайды. Вакциналау туралы сертификаттар мойындалады. Осы орайда Ресейден, Беларусьтен, Қазақстаннан, Қырғызстаннан және Армениядан меймандарды күтеміз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT