Құдалық жасаған Семей тұрғынына айыппұл салынды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жасырын той өткізген қала тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, рейд жүргізу барысында жеке үйлердің бірінен тәртіпбұзушылықты анықтаған.

«Барлық тыйым мен ескертуге қарамастан Семейде 14 шілде күні жеке үйде өткізілген құдалыққа 15 адам жиналған. Мерекелік іс-шараны ұйымдастырушыға әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілдері.

ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап Қазақстанда карантин режимі мен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 425-бабына сәйкес: физикалық тұлғаларға салынатын айыппұл – 30 АЕК немесе 83 340 теңге, шағын кәсіпкерлік мекемелеріне 230 АЕК немесе 638 940 теңге, орта – 310 АЕК немесе 861 180 теңге, ірі кәсіпкерлікке – 1600 АЕК немесе 4 444 800 теңге.

ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс тұрғындарынан санитария-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.

Соңғы күндері Семейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайғанымен, жасырын іс-шара өткізу вирусты инфекцияның таралуына себеп болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар