Күн суытуына байланысты Тараз бен Шымкент арасында жол жабылды

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Еліміздің оңтүстігінде ауа райының күрт суытуына байланысты «Алматы- Ташкент» тасжолы жабылды. Бұл туралы Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 қараша сағат 12:30-дан бастап республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас - Алматы - Тараз - Шымкент - Ташкент» автомобиль жолының 593-618, 618-654 шақырымында (Шақпақ - Шұқырбұлақ, Шұқырбұлақ – Машат асуы аралығында) ауа райының күрт өзгеруіне байланысты барлық көлік түріне жүруге тыйым салынды.

«Түркістан облысы және қонақтары, сіздерден ұзақ жолға шықпауларыңызды өтінеміз» делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар